Қоғам

Астана тұрғыны автобуста тегін жүргені үшін 2 жылға сотталуы мүмкін

© Sputnik / Ксения ВоронинаАвтобустың архивтегі фотосы
Автобустың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елорда тұрғыны автобуста тегін жүргені үшін екі жылға сотталуы немесе 4,8 миллион теңге айыппұл төлеуі мүмкін

АСТАНА, 13 ақпан — Sputnik. Астанада кезекті тексеру кезінде №51 автобус бағдарында  "Астана LRT" ЖШС көліктік бақылау департаментінің инспекторлары жалған зейнеткер куәлігін көрсеткен әйелді анықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана LRT компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана LRT" ЖШС көліктік бақылау департаментінің инспекторлары күн сайын қала автобустарында тексеріс жүргізеді. Инспекторлар жолаушылармен қатар кондукторлардың жолақы билетін беруін тексереді. 

автобус - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Кімдерге Астанада автобуста тегін жүру мүмкіндігі берілуі мүмкін?
"Кезекті тексеріс кезінде 51 автобус бағдарында департамент инспекторлары жалған зейнеткер куәлігін көрсеткен әйелді анықтады. Куәліктің жалған екенін инспекторлар МӨТО базасында құжатты тексеру мүмкіндігінің арқасында автобустың ішінде тұрып көз жеткізді", — деді баспасөз қызметі.

Инспекторлар оқиға орнына полиция шақырды. Астана тұрғынына Есіл ауданының ІІБ-мен сотқа дейінгі тергеу амалы басталды.

"Мемлекеттік штамп, мөр, бланкты қолдан жасағаны үшін Астана тұрғынына Қылмыстық кодекстің  385-бабының 1- тармағына сәйкес, 2 мың  АЕК мөлшеріне  (2018 жылғы есепте  4 810 000 теңгені құрайды) дейінгі айыппұл салу немесе екі жыл көлемінде бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", — дейді ведомстваның баспасөз қызметі.

Астана қаласының көліктік бақылау департаментіне  2017 жылғы желтоқсанда Астана "Астана LRT" компаниясының қызметкерлері Астананың тағы бір тұрғынының осындай заңсыз әрекет еткені туралы мәлімдеген. Ол тұрғын жалған зейнетақы куәліктерін OLX.kz сайты арқылы сатумен айналысқан.Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Жаңалықтар
0