19:00 25 Мамыр 2018
Тікелей эфир
Нұрлан Нығматулин

Нығматулин "біз бизнесті қорғаймыз" деп кеудесін соғып жүретіндер туралы айтты

© Foto : пресс-служба мажилиса парламента РК
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
115 0 0

Мәжіліс төрағасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының жұмысын сынады

АСТАНА, 14 ақпан — Sputnik. Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин отандық бизнесті тексеруді азайту тауар мен қызметтерің сапасына әсер етпеуі қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы елдерде, шын мәнінде, бизнеске жүргізілетін тексерістер көп емес және оларда да біздегі "Атамекен" секілді бүкіл жерде "біз бизнесті қорғаймыз!" деп кеудесін соғатындар бар. Бірақ заңнамалық тұрғыда кәсіпкер үшін сапасыз тауар шығару тиімсіз болатындай жағдай жасалған. Егер ол бір рет ұсталып қалса, кәсібін тоқтатуға мәжбүр болады. "Атамекен" қашан осындай ұсыныстар жасайды?", — деді төраға бүгін кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері жөніндегі заң жобасын талқылау барысында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта тексерістер айтарлықтай азайды.  Енді бұл саладағы жұмысты әрі қарай жетілдіру керек. 

"15 мың тексеріс туралы айтып отырсыздар. Мұндай тексерістер әлдеқашан жоқ. Сіздерге қазіргі заманғы деңгейге ұмтылатын уақыт жетті. Мемлекет басшысы барлық жағдайды жасады. Бүгінде шағын және орта бизнесті жаппай тексерудің болмауы ең алдымен Елбасының еңбегі.  Енді сіздерге өзгелердің тәжірибесін зерделеп, ұсыныстар енгізу керек қой. Әсіресе, бүгінгідей бизнестің жауапкершілігіне қатысты мәселелер қамтылған заң жобалары қаралып жатқан кезде қарап қалмау қажет", — деген Нығматулин кәсіпкерлер палатасын осы жұмысқа атсалысуға шақырды.

Кілт сөздер:
Атамекен, Парламент мәжілісі, Нұрлан Нығматулин

Басты тақырыптар