Қоғам

Қазақстандықтар полицей қыз-келіншектердің "жан дүниесіне" баға береді

© Photo : департамент внутренних дел Южно-Казахстанской областиПолицей әйел
Полицей әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазнет қолданушылары 8 наурыз қарсаңында "Леди "Полиция.kz" номинациясына бірнеше үміткерді таңдайтын болады

АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Қазақстанда полиция қызметкері болып істейтін қыз-келіншектер арасында "Леди "Полиция.kz" фото байқауы өтеді, деп хабарлайды республиканың ішкі істер министрлігі.

Жаннат (Зена) Ахетова - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
БАҚ: Ақтөбедегі Зена - "полицейлер ханшайымы" тергелуде

"Конкурстың басты ерекшелігі – сыртқы келбетіне баға беріп қоймай, погон таққан қыз-келіншектердің жан дүниесі мен біліктілігін бағалау", — деп атап өтті ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті директоры Алмас Сәдубаев.

Үміткерлерге әлеуметтік желі қолданушылары  mediaovd.kz сайтында және ІІМ инстаграм-аккаунтында дауыс бере алады.

Дауыс беру нәтижесінде алты үміткер таңдалып, соның ішінде редакциялық кеңес жеңімпазды анықтайды.

Байқау қорытындысы 8 наурыз қарсаңында шығады.

Жаңалықтар
0