23:03 17 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Әскери полигон

Заңгер: қазақ жерін полигонға жалға беру тәуелсіздігімізге қауіп төндіреді

Минобороны Казахстана
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
12810

Адвокат Абзал Құспан қорғаныс мақсатындағы жерлер де шетелдіктерге жалға берілмеу керек деген пікірде

АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Әлемде бірде-бір мемлекет екінші бір елге сынақ жүргізу үшін жерін полигонға беріп қоймайды. Қазақ жерін полигонға жалға беру ел тәуелсіздігіне үлкен қауіп-қатер төндіреді, дейді тәуелсіз заңгер-адвокат Абзал Құспан.  

"Мені ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер алаңдатады. Оның ауқымы өте кең болып отыр, өкінішке қарай. Бұл жай ғана құрылыстар, ғимарат астындағы, қорғаныс мақсатындағы жерлер, полиогондар, осылай жалғаса береді. Біз осы жиынға не үшін жиналып отырмыз? Бірінші, Қытай факторы, сол елден келетін қауіп. Осы заң жобасында мұның алдын ала аламыз ба, жоқ па деген мәселе. Мен екінші бір мемлекетті қосар едім, ол Ресей", — деді заңгер жұма күні Астанада жер заңына байланысты өткен қоғамдық талқылауда. 

Оның айтуынша, Батыс Қазақстан облысынан Жәнібек, Бөкей орда, Жаңақала аудандары, одан ары қарай Атырау, Ақтауға дейін Ресейдің полигондарына жалға берілген. 

"Біз тек ауыл шаруашылығы жері ғана емес, мына қорғаныс мақсатындағы жерлер де шетелдіктерге жалға берілмесін, сатылмасын деген норма енгізуіміз керек. Әрине, бұл заңның осы кезге дейін қол қойылып қойған халықаралық шарттарға күші жүрмейді. Бірақ болашақта жерімізді полигонға бермеу деген мәселе өте өзекті. Әлемдік тәжірибені алып қарайтын болсаңыздар, бірде бір тәуелсіз мемлекет екінші бір елге жерін полигонға беріп, сынақ жасатып қоймайды. Бұл сұмдық жағдай. Осыған байланысты менің билік өкілдеріне ұсынысым – заңға әскери мақсаттағы жерлерді де қосу керек. Оған да мораторий жүргізілсін, болашақта жалға беру деген мәселе алынып тасталсын. Өйткені бұл біздің тәуелсіздігімізге үлкен қауіп-қатер төндіретін фактор", — деді Құспан.


Кілт сөздер:
полигон, Қытай, Ресей
Загрузка...

Басты тақырып