Қоғам

Бұрқасын, қар, жел: бүгін ауа райы қандай болады?

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуБұрқасын
Бұрқасын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің кей өңірлерінде қар жауып, бұрқасындатады

АСТАНА, 20 ақпан — Sputnik. Синоптиктердің болжауынша бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Республиканың басым бөлігінде тұман түседі, деп хабарлады Қазгидромет.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді –15-20, екпіні 23-28, оңтүстік-батыста 30 м/с асады.  

Қар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді, күндіз екпіні 28 м/с жетеді.  

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді – 15-20, екпіні  23-28  м/с жетеді, Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. 

Шығыс Қазақстан  облысының кей жерлерінде тұман, күндіз  кей жерлерде жел 15-25 м/с күшейеді. 

Ақтөбе облысында Мұғалжар ауданында түнде жел 18 м/с күшейеді. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. 

Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.


Жаңалықтар
0