Қоғам

Сағынтаев: былтыр әкімдер бейқам жүрді де, кінәні Қазгидрометке арта салды

© Sputnik / Болат ШайхиновБақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет отырысында өңірлердің су тасқыны кезеңіне дайындығы талқыланды

АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бірінші орынбасары мен ішкі істер министріне су тасқыны кезеңінде өңірлерді жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Үкімет басшысы жыл сайын су тасқынының салдарын жоюға қазынадан миллиардтаған қаржы бөлу ақшаны тиімсіз жұмсау екенін айтты. Оның орнына дұрыс бағдарлама қабылдап, апаттың алдын алған жөн. 

Қанат Бозымбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министр: біздің қызметтердің синоптиктерге сілтей салатын әдеті бар
"Өткен жылы су тасқынының салдарымен күресу үшін жыл сайын миллиардтаған қаржы бөлудің орнына дұрыс бағдарлама қабылдау керектігін айттық. Мәселен былтыр біз резервтен 5,8 миллиард теңге бөлдік. Ақмола облысының әкімі маған тұтас шағын аудан салу үшін 2-3 миллиард жетер еді дейді. Биыл екі миллиардтан астам Қызылорда сұрап отыр. Көп ұзамай тағы бір облыс ақша сұрауы мүмкін, Құдай сақтасын, әрине. Бұл ақшаны тиімсіз жұмсау деп санаймын. Оның орнына бөгеттер, басқа да гидротехникалық құрылыстардың сапасын тексеріп, дұрыс қарау керек. Облыс әкімдеріне үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Жаңа бірде-бір әкім ішкі істер министрінің айтқанына құлақ аспады. Ол (министр –ред. ескерт) өз баяндамасында жұмыс кемшін жүргізіліп жатқан облыстарды атады. Ал дегенмен барлық әкім өңірлерде жұмыс жақсы жүріп жатанын баяндады. Жақсы болса әңгіме жоқ, бірақ неге көп дүние осы кезге дейін жасалып бітпеген? Сондықтан Құлмұханбет Нұрмұханбетұлы (ішкі істер министрі –ред.ескерт) Асқар Ұзақбайұлымен (премьердің бірінші орынбасары –ред. ескерт)   бірге жағдайды үнемі бақылауда ұстаңдар. Иесіз гидротехникалық және басқа да құрылыстар бақылауға алынсын. Өткен жылдағыдай болмасын, кінәліні іздеп, ең ақыры дұрыс ақпар бермеді деп бар кінәні Қазгидрометке арта салды. Ал сондағысы өздері бейқам жүрді, бұған ешкім назар аудармады, жауапкершілікті де мойнына алмады. Сондықтан бұл бағытта жұмысты жалғастырамыз", — деп тапсырды Сағынтаев үкіметтің кезекті отырысында. 

Премьер-министр президенттің тапсырмасына сәйкес жаңа су қоймаларын салу мәселесін жақын арада жеке қарастыру қажет.

су тасқыны - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Солтүстік Қазақстандағы биылғы су тасқыны бірнеше рекорд жасады
"Баяндамаларда айтып өткендей, былтыр қабылданған жол картасына байланысты біршама жұмыс атқарылған. Көлемі ауқымды, дегенмен де атқарылатын жұмыс жетерлік. Бүгін айтылғандай, алдын ала қауіп-қатерден сақтанып қана қоймай, Елбасының тапсырмасына сәйкес жаңа су қоймаларын салу керек. Бұл мәселе жеке қаралуы тиіс. Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облысына байланысты берілген тапсырмалардың  атқарылуын қарап шығуымыз керек. Күрделі мәселелердің бәрі шешімін табуы тиіс. Қазақта "су –  тілсіз жау"  деген сөз бар. Көп шаруа жасалып жатыр, десек те бір күнде судың қайдан келгенін білмей қаламыз. Жайбарақат отыруға болмайды, қатаң бақылауға алу керек", — деп қорытты ол.

Жаңалықтар
0