01:43 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Мейрамхана

Астанада алаяқтар әкімнің атын бүркеніп, мейрамхана иелерін алдап кеткен

CC0 / Monitta Mary
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
112 0 0

Әкімнің атын пайдаланып мейрамхана иелерін алдап жүрген алаяқтар іздестіріліп жатыр

АСТАНА, 20 ақпан — Sputnik. Астана полициясы әкімнің атын бүркеніп мейрамхана мен қонақ үй басшылығын алдап жүрген алаяқтарды іздеп жатыр, деп хабарлайды елордалық ішкі істер департаменті.

Алаяқтар мынадай схемамен әрекет еткен: белгісіз біреу мейрамханаға немесе банкет залына қала басшылығы атынан хабарласып, түскі асқа немесе кешкі асқа қала әкімі немесе оның орынбасарлары қонақтармен бірге келетінін айтқан. Телефон арқылы банкетке тапсырыс беріп, мейрамхана администраторларынан әдетте мәзірде жоқ қымбат ішімдіктер алуды өтінген.

"Тапсырыс беруші" осы ішімдіктерді алуға болатын дүкендердің мекенжайын да айтады. Біраз уақыт өткен соң алаяқ мейрамханаға қайта хабарласып, ішімдік алуға дүкенге келгенін айтып, Qiwi-әмиян арқылы ақша аударуларын сұрайды және қаражатты толығымен банкеттен соң төлейміз деп сендіреді.

"Тапсырыстан айырылып қалғысы келмеген жәбірленушілер ақшаны аударуға мәжбүр болған. Содан кейін "тапсырыс берушілер" телефондарын сөндіріп, ізім-қайым жоқ болады", — делінген департамент хабарламасында.

Полиция алаяқтардың іздестіріліп жатқанын ақпанның басында хабарлаған болатын.

Кілт сөздер:
алаяқтық, мейрамханалар, Астана
Загрузка...

Басты тақырып