Қоғам

Оралман мәртебесінің мерзімі ұзартылмақ

© Sputnik / Николай Хижняк / Медиабанкке өтуОралман
Оралман - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжілісте халықты жұмыспен қамту және көші-қон мәселелері бойынша заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

АСТАНА, 21 ақпан  — Sputnik. Атажұртқа оралған қандастардың өтініштері бойынша оралман мәртебесін үш айға ұзарту көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутат Айгүл Нұркина айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ауыл - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оңтүстік Қазақстанда жүздеген оралман картада жоқ ауылда тұрып жатыр

"Елбасы жол ашып берген ұлы көшпен атажұртқа оралған қандастарымыздың тағы бір өзекті мәселесі шешімін тапқалы отыр. Себебі қазіргі таңда шетелден келген мыңдаған оралман объективті және субъективті себептермен қолданыстағы заңнамада қарастырылған бір жыл ішінде Қазақстан азаматтығын алуға қажетті құжаттарын жинап, тапсырып үлгере алмай қиындық көріп жүргендігі белгілі. Бұл жөнінде олар парламентке талай рет хат жазып, оралман мәртебесінің мерзімін ұзарту жөнінде өтініш білдірген болатын", — деді депутат заң жобасын талқылау барысына.

Осы түйткілді мәселені шешу үшін көші-қон заңына тиісті өзгерту енгізілмек. 

"Міне, өзекті мәселені шешу мақсатында халықтың көші-қоны туралы заң жобасының 11-бабына тиісті түзету енгізіліп, алыстан келген ағайынның өтініштері бойынша оралман мәртебесін үш айға ұзарту көзделіп отыр", — деді депутат.

Жаңалықтар
0