Қоғам

Астаналық кәсіпкер қоқыстан ақша жасаудың жолын айтты

© Photo : Stefan SchweihoferКартон
Картон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ерекболат Қабылданың айтуынша қоқыста жатқан қағаз сауда орталықтары, базарлар мен дүкендер үшін қосымша табыс табуға таптырмас мүмкіндік

АСТАНА, 27 ақпан — Sputnik. Астаналық кәсіпкер Ерекболат Қабылда қоқысқа тасталған қағаздан қалай пайда табуға болатынын айтты. Бүгінде ол жәй ғана қоқыстағы қағаздан орта есеппен бір айда 30-40 мың теңге пайда көріп отыр, деп хабарлайды Елорда инфо.  

"Қамқор" автобөлшек базарының басқарушысы Ерекболат Қабылданың айтуынша, қоқыста жатқан қағаздан ақша табуға болады екен. Әсіресе, сауда орталықтары, базарлар мен дүкендер үшін қосымша табыс табуға таптырмас мүмкіндік. Кәсіпкердің олай деуіне 1,5 жыл бұрын қолға алған әдісі дәлел.

Қоқыс - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Өскеменде аулалар бірнеше күннен бері тазартылмай, қоқыс басып кетті
"Қамқор" автобөлшек сататын базар болғандықтан, тауарлар картон жәшіктерге салынып келеді. Базар сатушылары жәшіктерді қоқысқа жинамастан, қорап күйінде тастай салатын. Жинап салынбаған соң, ол көп орын алады. Қашан қарасаң қағаз қораптар қоқыс контейнерінің маңайында үйіліп жататын", — деді Ерекболат Қабылда сайт тілшісімен болған әңігімесінде. 

Базар басшылығы аталған проблеманы шешу үшін қоқыс контейнерлерінің жанына арнайы қағаз жинайтын жәшік орнатуды жөн көрген. Әрі аула тазалайтын жұмысшыларға қағаз қораптарды кесіп, бір контейнерге жинау керектігін айтқан. Әу баста "ол үшін ақша төлемесе жинамаймын" деген аула сыпырушы айлығына 10 мың теңге қосылатынын естігенде бірден келіскен.

"Осылайша, күн сайын қоқысқа тасталған қораптар мен қағаздарды бөліп-бүктеп жинай бастадық. Жиналған қағаздарды қабылдап, қайта өңдеумен айналысатын "Астана втор-ком" мекемесіне тапсырып отырамыз. Қағаздың бір келісіне 20 теңге төлейді. Айына орта есеппен 30-40 мың теңге табамыз. Ол ақшаны біз базардың қосымша қажеттілігіне жұмсаймыз", — дейді кәсіпкер.

Қоқыс салынған пакет. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Қытайлық миллионер үш жыл бойы көшедегі қоқысты жинап келеді
Ұйымдастыра білген адам қағаз тапсыруды қосымша табыс көзіне айналдыра алады, дейді кәсіпкер. Оның айтуынша, ірі сауда орталықтары мен дүкендерден бөлек, бұл әдіс ПИК-тер үшін де қосымша табыс табудың тиімді жолы.

"ПИК-тер арнайы жұмысшы жалдамай-ақ қоқыс тастайтын аумаққа қағаз жинайтын арнайы контейнер орнатып қойса жеткілікті. Бұл тек ақша табудың ғана емес, халықты тәрбиелеудің ұтымды жолы. Арнайы контейнердің тұрғанын көрген адамдар бірте-бірте қоқысты сұрыптап салу керектігіне көз жеткізеді. Ал ПИК-тер қағаз қоқыстан түскен ақшаға ұйымның бір шығынын төлейтін еді. Түптеп келгенде одан тұрғындар да, қоғам да ұтады", — деді ол.

Айта кетейік, бүгінде елордада қағаз қабылдап, қайта өңдеумен айналысатын 10-нан астам мекеме бар. Қағазды қабылдау бағасы — 10 мен 20 теңге аралығында.


Жаңалықтар
0