02:20 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Қазақстандықтар

Елбасы Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады

© Sputnik / Сергей Ким
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
60 0 0

Бүгін 1 наурызда елімізде Алғыс айту күні аталып өтуде

АСТАНА, 1 наурыз — Sputnik. Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев баршамызға ортақ мереке – Алғыс айту күнімен қазақстандықтарды құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

"Осынау айтулы күні қиын-қыстау сынақ жылдарында адамгершілік пен имандылық үстемдігінің жадымызда болуы Қазақстан халқын біріктіреді. Мейірімділік, өзара көмек және бір-біріне деген құрмет қазақтың киелі топырағында күллі қазақстандықтар көздің қарашығындай сақтайтын әрі мақтан тұтатын достық пен өзара түсінушіліктің бірегей атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік берді", — делінген Елбасының құттықтауында.

Мемлекет басшысының айтуынша, отандастарымызға және туған өлкеге деген кіршіксіз алғыс сезімі бұл мерекеге ерекше терең мағына береді.

Сондықтан Алғыс айту күнінің басты мәні – тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығы мен іргесі берік негіздегі ел бірлігін нығайту болып табылады, деп санайды Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев сөз соңында Қазақстан халқына бақ-береке, бейбіт өмір және табыс тіледі.

Кілт сөздер:
Алғыс айту күні, Қазақстан халқы, Елбасы
Загрузка...

Басты тақырып