05:58 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Операция

Дәрігер магнит жұтып қойған баланың хәлі туралы айтты

© Sputnik / Сергей Гунеев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
339 0 0

Денесінен магнит шариктер алынған бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр

АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. 38 магнит шарын жұтып қойған бес жастағы бала жазылып келеді, деді балаларға жедел жәрдем көрсету орталығының қабылдау бөлімі меңгерушісі Ерлан Меңдіғалиев Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында.

"Бала өздігінен дем алады, операциядан кейінгі жағдайы бір қалыпты. Есін жиды, сөйлеседі. Әлбетте, беті бері қарап келеді. Бәрі ойдағыдай болса, әлі 7-10 күндей ауруханада болады. Қазір жансақтау бөлімінде, палатаға бір-екі күнде ауыстырып қаламыз", — деп мәлімет берді Меңдіғалиев.

Дәрігердің айтуынша, бала магнит шариктермен ойнап жүріп, жұтып қойған.

Кілт сөздер:
жансақтау бөлімі, операция, магнит жұтқан бала
Загрузка...

Басты тақырып