22:07 20 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.80
  • EUR429.27
  • RUB5.78
қолына пышақ ұстаған ер адам, архив

Астанада оқушыны пышақтау оқиғасының мән-жайы белгілі болды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
51901

Оқыс оқиға оқушылар сарайының жанында би кешінен кейін болған

АСТАНА, 3 наурыз — Sputnik. Оқушылар сарайында өткен дискотекадан кейін 51 мен 70-ші мектеп оқушыларының арасында төбелес шығып, артынан бір оқушы пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Қалалық білім басқармасы хабарлағандай, шара 51-ші мектеп оқушылары үшін ұйымдастырылған. Зардап шеккен бала 70-ші мектептің 11-сынып оқушысы екен. Ол дискотекаға достарымен бірге шақырусыз келген. Биге оны кіргізбейді. Бірақ шыға берісте оқушылардың бірімен жанжалдасып қалады да, ол көмекке 18 жастағы ағасын шақырған. 

"Оқушылар сарайының аумағынан шыға берісте төбелес болып, шақырусыз келген басқа мектептің баласын пышақпен жарақаттайды", — деді басқармадағылар. 

Алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін мектептегі шаралар кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша білім басқармасы полициямен бірлесе жұмыс істеп жатыр. 

Оқыс оқиға кеше кешке Астанада оқушылар сарайының жанында болды. Дәрігерлер төбелесте көп жарақат алған баланың қазір жағдайы тұрақты екенін айтып отыр. 

 

 

 

 

Кілт сөздер:
төбелес, пышақтасу, жанжал, оқушылар сарайы, Астана
Загрузка...

Басты тақырып