Қоғам

Еліміздің екі облысында дабылды ескерту жарияланды

Жазылу
Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қатты жел мен жаңбырға байланысты дабылды ескерту жарияланды

АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Синоптиктердің болжауынша бүгін еліміздің оңтүстігінде қатты жел тұрып, жаңбыр жауады. Осыған байланысты Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында дабылды ескерту жарияланды.  

бәйшешек - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер наурыз айында ауа райы қандай болатынын айтты
Қазгидрометтің мәліметінше, 6 наурызда Жамыл облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні кей жерлерде 23-28 м/с жетеді, күндіз облыстың оңтүстік-батысында оның күші 30 м/с асады.

Тараз қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с жетеді.

6 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз ауа райы жаңбырлы болады, таулы өткелдерде қатты жаңбыр жауады. Күндіз кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, таулы өткелдерде 30 м/с асады. 

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90 %


Жаңалықтар
0