АСТАНА, 6 наурыз— Sputnik. АҚШ-та қаза болған студенттің Қазақстан азаматы емес екені анықталды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біз тексеріс жүргіздік, оның нәтижесінде қаза тапқан жігіттің Қазақстан азаматы емес екені анықталды. Оның ата-анасы Мәскеуде тұрады. Кейбір мәліметтер бойынша студенттің өзі де Ресей азаматы болып табылады", — деді Жайнақов журналистерге.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ-та қазақстандық Даир Сағдиевтің қаза болғаны туралы ақпарат таратқан еді. Ол Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде (UCLA) оқып жүрген.