Қоғам

Енді дрондар шалғай ауылдарға төрт келі жүк жеткізетін болады

CC0 / / Дрон
Дрон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір Қазпошта 4 келі жүкті көтеруге қауқарлы дрондарды сынақтан өткізіп жатыр

АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов шалғай елді мекендерге дронмен газет-журнал жеткізу сәтті жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Дрон - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мусин криптотеңге мен дрондар қызметін енгізуді ұсынды

"Біз өткен жылдың қыркүйек айынан бері сәлемдеме, газеттер мен хаттарды дронмен жеткізіп жатырмыз. Қазір осындай әдіспен 30 елді мекенге газет-журнал тасимыз, әсіресе шалғай, таулы жерде орналасқан ауылдарға. Бүгінде 1,5 тонна жүкті дронмен жеткіздік", — деді ол ОКҚ-де өткен брифингте. 

Сәрсеновтің айтуынша, қазір "Қазпоштада" 10 дрон бар. Бірақ компания оларға бір тиын да ақша жұмсаған.

"Біз сервистік модельге көштік, яғни бұл дрондарды сатып алған жоқпыз, біз тек оларды сервис ретінде сатып алып отырмыз. Яғни әр ұшқаны үшін ақша төлейміз. Бұл біз үшін тиімді, өйткені кей кезде екі келі газет үшін 150 шақырымдық таулы өлкеге бір машинаны жөнелту керек болып жатады. Ал дронмен бәрі жылдам, екі келіні көтеріп, таудың үстімен ұшып барады", — дейді басқарма төрағасы. 

Ол таяу арада компания төрт келі жүк көтере алатын дрондарды іске қосатынын мәлімдеді. 

"Қазір компанияның еншісіндегі дрондар екі келі жүкті көтере алады. Қазір төрт келіге дейін көтеруге қауқарлы дрондарды сынақтап өткізіп жатырмыз. Жуық арада оларды іске қосамыз", — деді Сәрсенов.

Жаңалықтар
0