Қоғам

Қазақстанда енді жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады

© SputnikЖүргізуші куәлігі
Жүргізуші куәлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл қызмет Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарының тұрғындарына ұсынылады

АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Енді қазақстандықтар жүргізуші куәлігін электронды үкімет порталында ауыстыра алады, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ баспасөз қызметі.

Селфи - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматы облысында "сатып алынған жүргізуші куәлігі" туралы іс тергелуде

Жүргізуші куәлігін онлайн режимде ауыстыру үшін электронды-цифрлы қолтаңба (ЕЦҚ) қажет. Қызмет алушы еgov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін, электронды өтінішті толтырып, ЕЦҚ-мен қол қоюы тиіс. Өтінішпен қоса, фотосурет пен қойған қолының скан-суретін де жолдап, сондай-ақ мемлекеттік баж салығын төлеуі керек. 

Айта кетейік, жүргізуші куәлігінің баж салығы 1,25 АЕК (3007 теңге) құрайды. 

Қызметті онлайн тәртіпте рәсімдегеннен кейін, жеке кабинеттегі "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінен  толтырылған электронды өтінішті және «Қызметтерді төлеу тарихы» бөлімінен мемлекеттік баж салығын төлеу туралы электронды чекті басып шығару қажет.

"Дайын құжатты алып кету үшін тұрғылықты жерде орналасқан мамандандырылған ХҚО-ға немесе жол полициясының ТЕБ-не баруыңызға болады. Өзіңізбен бірге қағазға басып шығарылған өтініш пен чекті, ауыстыратын жүргізуші куәлігін, жеке басыңызды куәландыратын құжат, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет", — делінген хабарламада.

Жаңалықтар
0