Қоғам

Ақышев "7-20-25" бағдарламасы бойынша кімдер баспаналы бола алатынын айтты

Баспана
Баспана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық банк "7-20-25". Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері" бағдарламасын іске асырудың дайындық кезеңдерін айқындады

АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы ұсынған "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасына ресми кірісі бар кез келген әрбір Қазақстан азаматы қатыса алады. Бұл туралы бүгін Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ақышевтің айтуынша, жаңа бағдарламаға ай сайын алатын ресми табысы бар кез келген қазақстандық қатыса алады.

Халық - Sputnik Қазақстан
Экономика
Сүлейменов бес бастаманы іске асыру бойынша жол картасын таныстырды

"Бағдарламаның қаржылық жағы болашақ қарыз алушылардың төлем жасау қабілеттілігін талап етеді. Бағдарламаға ресми кірісі бар Қазақстан азаматы қатыса алады. Қазіргі кезде банктермен өлшемшарттар пысықталуда. Мысалы, тұрғын үйдің құны 7 миллион теңге болса, ай сайынғы төлем 50 мың теңгеден аспайды, бұл жалпы алғанда, жұмыс істейтін қазақстандықтардың көпшілігі үшін қолайлы. Тұрғын үй құны әртүрлі болғандықтан, ірі қалалар мен өңірлер бойынша баспана құнын саралау жоққа шығарылмайды", — деді банк төрағасы. 

 Ұлттық банк "7-20-25" бағдарламасына сәйкес соңғы жылдары ипотекалық кредитке қатысты енгізілген кейбір нормаларды қайта қарамақ.

"Соңғы жылдары енгізілген, ипотекалық кредит беруді тартымды етпеген кейбір нормаларды қайта қарау қажет. Сондай-ақ Ұлттық банк қажетті заңнамалық түзетулерді үкіметтің қарауына жібереді", — деді Ақышев.

Жаңалықтар
0