14:11 17 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD371.31
  • EUR419.32
  • RUB5.59
Қарт адам базардан азық-түлік сатып алып жатыр, архивтегі фото

Сағынтаев: Наурыз мейрамы келе жатыр, баға күрт өсіп кетпесін!

© Sputnik / Сергей Венявский
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
44 0 0

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 0,7%-ға қымбаттаған

АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Наурыз мейрамы қарсаңында азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Баға мәселесін қатаң бақылауға алыңыздар. Алда тағы да Наурыз мерекесі келе жатыр. Осыған байланысты баға күрт өсіп кетіп жүрмесін!", — деп тапсырды премьер-министр үкімет отырысында.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің ақпаратынша, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 0,7%-ға өскен.

"Ең жоғары баға: қырыққабат – 12,7%; пияз – 7,4%; картоп – 5,5%; сәбіз – 4,5%.  Бағаның өсуіне маусымдылық, сақтау кезіндегі тауарлардың бұзылуы және шығындары, қысқы кезеңде қолайсыз ауа райында тасымалдау себеп болып отыр", — деді ол. 

Оның айтуынша, қарақұмық, күріш, 1 санаттағы жұмыртқа, 1 сұрыпты бидай ұны, тауық еті, күнбағыс майы мен тұз өнімдері керісінше арзандаған. 8 тауар бойынша баға бекітілген аралық шегінде қалып отыр.

"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру және ұстап тұру мақсатында ұлттық экономика министрлігі 2018 жылға шекті мәндерді бекітті", — деді Сүлейменов.

Министр әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қымбаттаған өңірлерді атады. 

"Ең жоғары өсім – Астанада (102,2%), Алматы қаласында (101,6%) және Ақтөбе облысында (101,3%) байқалады. Азық-түлік түрлері бойынша Алматы қаласында қырыққабат бағасы (28,9%), Астанада картоп (12,7%), Қарағандыда сәбіз (12%) бағасы айтарлықтай өсті", — деді ведомство басшысы.

Кілт сөздер:
Наурыз мейрамы, баға, азық-түлік
Загрузка...

Басты тақырыптар