12:53 16 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.59
  • EUR429.06
  • RUB6.05
Нәресте

Қазақстандық жолсеріктер пойызда толғағы қысқан әйелді босандырып алды

CC0 / bingngu93
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
115 0 0

Жас ана ай-күні жетіп отырса да, Ақтаудан Ташкентке тезірек жетіп алғысы келген

АСТАНА, 15 наурыз — Sputnik. № 378 "Маңғышлақ-Алматы" пойызының жолсеріктері өзбекстандық Феруза Ахметованы аман-есен босандырып алды, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Пойызда Ферузаның толғақ қысып, жолсеріктер дереу тиісті шараларды жасауға кірісті. Сексеуіл станциясына жеткенде медициналық көмек те келіп жеткен. Жолсеріктер купесінде дүниеге келген сәбиге Дениз есімі қойылды. Қазір Феруза нәрестесімен Аралдағы перинаталдық орталықта, жағдайлары жақсы, енді ертерек елге жеткісі келеді.

"Жолсеріктер көмектеспегенде балам екеуімізге не боларын білмеймін. Оларға алғыс айтып та үлгермедім. Бүгін міне осы сәтті пайдаланып, оларға аналық алғысымды жеткізгім келеді",- дейді жас ана.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ "Оңтүстік" филиалының директоры Асқар Шүкірбеков пойыз бастығы Қобыланды Нысанбаевқа, жолсеріктер Нұрлан Сапаров пен Қалыбек Ерсапарға алғыс жариялайтынын айтты.


Кілт сөздер:
Өзбекстан азаматшасы, жолсеріктер, нәресте, пойыз
Загрузка...

Басты тақырып