Қоғам

Балиева: баланың отбасына пәтер беріледі деп айтқан жоқпын

CC0 / pixabay.com / Бала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ОҚО-дағы Сарыағаш ауданында жоғары сынып оқушылары зорлады делінген 7 жасар бала қазір әжесі және тәтесімен бірге Астанада

АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева 7 жасар бүлдіршінің отбасына қандай жағдайда баспана берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Зағипа Балиева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Балиева 7 жасар баланың отбасы туралы айтты

Бүгін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Астанада арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, 7 жасар баланың оқиғасына қатысты сұрақтарға жауап берді. Шара барысында журналистер Балиевадан баланың отбасына пәтер қандай бағдарламамен берілгелі жатқанын сұрады.

"Мен оларға біреу пәтер бергелі жатыр деп айтқан жоқпын. Сіздер білесіздер, Қазақстанда оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы бар. Соған сәйкес, кімде-кім солтүстік өңірге көшуге ниет білдірсе, оларға баспана мен жұмыс ұсынылады. Мүмкін сіздер соны меңзеп тұрған шығарсыздар. Біз бұл жөнінде әжесі мен тәтесімен сөйлестік. Олар ұсынысымыз туралы ойланып көретінін айтты", — деді Балиева. 

Сондай-ақ Балиева әжесі мен баланы пойыздан түсіруге бұйрық бермегенін айтты.

Вокзал - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Әжейді немересімен бірге полицияға күштеп жеткізді – баланың өкілі

Еске салып өтсек, үш-төрт күн бұрын отандық БАҚ бетінде "Абай ауылындағы мектептердің бірінде 7 жасар баланы жоғары сынып оқушылары бірнеше рет зорлаған" деген ақпарат тараған еді. Сарыағаш ауданына қарасты Абай ауылында бар-жоғы бірінші сыныпта оқитын оқушыны өзінен 7-8 жас үлкен 4 оқушы 5 ай бойы зорлап келген көрінеді. Жәбір көрдім деген бала бұл туралы туыстарына былтыр тамыз айында айтқан екен. Содан бері полицейлерге неше мәрте барғанымен тәртіп сақшылары шағымды тек қаңтар айында қабылдапты. 

Алайда сот-медициналық сараптама қорытындысы бірінші сынып оқушысына сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасалғанын теріске шығарды.

Бала - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ОҚО-да оқушыны зорлау оқиғасының анық-қанығы белгілі болды

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева Шымкент қаласына барып, 7 жасар бүлдіршінді әжесімен бірге Астанаға алып келді. Қазір баланың жағдайы жақсы, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Кеше ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданы, Абай ауылындағы мектепте болған келеңсіз жағдайға байланысты жауапты тұлғаларға шара қолданды. Атап айтсақ, ҚР заңына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековке қатаң ескерту берілді. Сондай-ақ, Сарыағаш аудандық жергілікті полиция қызметі басшысы О.Бердалы  мен Сарыағаш ауданы, Абай ауылдық жергілікті полиция бөлімшесінің басшысы Ә.Ибрагимов, ювеналды полиция бөлімшесінің №73, №74 жалпы орта мектептеріне жауапты полиция инспекторы Қ.Сәриев қызметінен босатылды.

Жаңалықтар
0