Қоғам

Белгілі бизнесмен сарыағаштық 7 жасар бала мен анасын қамқорлығына алды

CC0 / StockSnap / Қол ұстасу
Қол ұстасу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Айдын Рахимбаев бала мен ананы балалар құқығы бойынша уәкілден «алып кеткенін» мәлімдеді

АСТАНА, 17 наурыз — Sputnik. Қазақстандық бизнесмен, BI Group ірі құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рахимбаев Оңтүстік Қазақстан облысындағы жеті жасар балаға қатысты оқиғаға араласты.

ҚР Бас прокуратурасы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бас прокурор сарыағаштық баланың ісін тергеуді тапсырды

"Ана үйі" қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Айдын Рахимбаев мәлімдегендей, ана мен балаға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, олар қазір күшейтілген күзетпен қорғалған. 

"Енді бала шынымен де қауіпсіз жерде, анасымен бірге біздің "Ана үйінде" күшейтілген күзетпен қорғалған!! Ана бір түрлі әйелден әрең дегенде алып кеттік, Астанада оған ОҚО полицейлері көмектесіп, баланы бермей қойды!! Аружан Сайын жарады!", — деп жазды бизнесмен Facebook парақшасында.

16 наурызда балалар ісі бойынша уәкіл Зағипа Балиева бұрын байланысқа шықпаған баланың анасы Астанаға келеді деп хабарлады. Сол күні кешкісін адвокат пен жеті жасар баланың анасы әжесі мен жеткіншек орналастырылған "Асыл Бала" орталығына барады. Адвокаттың айтуынша, анасы баласын алып кеткісі келген, бірақ орталықта жеткіншекті бермей жатқан көрінеді. Кейінірек ол бала мен анасының қауышқанын жеткізді.

Жаңалықтар
0