Қоғам

Мектеп түлектері ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыра алады

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуоқушылар емтихан кезінде, архив суреті
оқушылар емтихан кезінде, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мектеп бітірушілер ұлттық бірыңғай тестілеуді үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілінде тапсыру мүмкіндігіне ие болады

АСТАНА, 19 наурыз — Sputnik. Мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуді ағылшын тілінде тапсыра алады, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. 

"Ұлттық бірыңғай тестілеуді ағылшын тілінде тапсырғысы келген түлекке осындай мүмкіндік беріледі. Әрине, ешкімді мәжбүрлемейміз. Әркім тест тапсыратын тілді өзі таңдайды", — деді Сағадиев мәжілістегі үкімет сағатынан кейін БАҚ өкілдеріне. 

Оның айтуынша, қазақ және орыс тілінде қандай тест сұрақтары болса, ағылшын нұсқасында да сол тапсырмалар болады. 

 


Жаңалықтар
0