01:09 19 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Су тасқынының архивтегі фотосы

Су тасқыны: 9 облыста дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Елена Бережная
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
593 0 0

Күн жылынып, қардың еруіне байланысты еліміздің 9 облысында су тасқыны болады деп болжануда

АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. "Қазгидрометтің" болжауынша, алдағы күндері Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар,  Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облысында су тасқыны болады. 

26-30 наурызда Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарында, ал 26-27 наурызда Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында күн жылынып,  қардың еруіне байланысты кейбір өзендерде су деңгейі көтеріліп, арнасынан асуы мүмкін. 

25-30 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында күн жылынып, жауын-шашын түсуіне байланысты кейбір өзендер арнасынан асып, судың жайылу қаупі бар. 25 наурызда Ақтөбе облысында қатты жаңбыр жауады.

26 наурызда ауа температурасы одан әрі жоғарылауына байланысты Сырдария өзенінде (Қызылорда облысы) мұз кептеліп, су деңгейі көтеріліп, тасқын болуы мүмкін. 


Загрузка...

Басты тақырып