Қоғам

"Өз үйім" бағдарламасы бойынша өтініш қабылданбақ

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуӘйел есікті ашып жатыр
Әйел есікті ашып жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бағдарламаға қатысу үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 мың теңге жинағы болуы тиіс

АСТАНА, 27 наурыз  — Sputnik. "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі"Алматы қаласында "Өз үйім" бағдарламасы бойынша өтініш қабылданатынын мәлімдеді.

 "Alma city" тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер конкурс арқылы үлестіріледі, ол Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Шұғыла ы/а, Сәкен Жүнісов көшесі, 2/37 учаскесінде орналасқан. Құрылыс 2018 жылдың желтоқсан айында аяқталады.  

Нұрлы жер бағдарламасы бойынша салынған үй - Sputnik Қазақстан
Экономика
Министр "Тұрғын үй жинақ банкі" жекешелендірілгенде не өзгеретінін айтты

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны "әрленбеген" күйінде 185 000 теңге тұрады (қажет болған жағдайда құрылыс салушы "таза" әрлеу жұмыстарын шаршы метрін 15 мың теңгеден қосымша ақыға жүргізуге дайын).

Конкурсқа IV кластағы 300 пәтер шығарылып отыр, оның  ішінде 1 бөлмелі 100 пәтер (34,75 шаршы метр), 2 бөлмелі 100 пәтер (56,01 шаршы метр), 3 бөлмелі 100 пәтер (76,49 шаршы метр) бар.  

 "Өз үйім" бағдарламасына қатысуға 2018 жылдың 20 сәуірінен 2018 жылдың 19 мамырына дейін өтініш беруге болады.  

Айта кетерлігі, "Өз үйім" бағдарламасына қатысу үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.  


Жаңалықтар
0