Қоғам

"Баяндамада жазылғаннан басқаны білмейсіз". Сағынтаев вице-министрге шүйлікті

© Sputnik / Болат ШайхиновҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев
ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының салдарын жоюға қажетті техника тапшы

АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik.  Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ішкі істер министрлігінің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Шығыс Қазақстан облысы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Аягөзде су тасқыны салдарынан 130-дан астам адам баспанасыз қалды

Бүгін үкімет отырысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірдегі су тасқынына байланысты баяндама жасаған болатын. Облыс әкімі төтенше жағдайлар департаментінде мотопомпа, гидрокомбинезон, қайық – бәрі тапшы екенін айтты. 

Үкімет басшысы ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменовтен мұның себебін сұрады.

"Бұл мәселе бойынша біз демалыс күні ұлттық ұлан ұшағымен Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар облыстарынан жеке құрам мен техникалар жеткіздік", — деді Сүлейменов. 

"Ол дұрыс енді, жоқ болғаннан кейін басқа облыстардан алып отырсыз ғой. Ал Даниал Кенжетайұлы айтып отыр, норма бойынша осынша болу керек, ал шын мәнінде өте төмен деп. Министрлік тарапынан қандай шаралар жасалып жатыр", — деп нақтылады премьер. 

Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ШҚО әкімі су басқан ауданның тұрғындарына: сіздерге жаңа үй сатып әпереміз

Бірақ ІІМ вице-министрі қолында дайын баяндамасы болмаған соң, жауап бере алмай қиналды. 

"Әрине, алдыңызда баяндама жоқ, сонда сіздер қалай басқарасыздар? Баяндамада жазылғанды оқисыздар, жазбаса жағдайдың не болғанын білмейсіздер. Осыдан кейін төтенше жағдайға душар боламыз, техника жоқ, комбинезон жоқ, мотопомпа жоқ. Қиын жағдай болса, көрші облыстардан сұрап аламыз", — деп ашуланды Сағынтаев.


Жаңалықтар
0