08:39 11 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
52810

Министрдің айтуынша, театр әртістерінің орташа жалақысы 130-140 мың теңге шамасында

АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы театр әртістерінің орташа жалақысын жария етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Театр әртістерінің жалақысы 80 мыңнан 140 мың теңгеге дейін және билеттен түскен ақшаға әр театр қосымша жалақы төлеп отыр. Театр өркендеп жатыр, ал халық театрға жақсы барады. Орташа жалақы 130-140 мың теңге деп ойлаймын", — деді Мұхамедиұлы үкімет отырысынан кейін. 

Министрдің пікірінше, театр директорлары да осы шамада алады.

"Театр директорының жалақысы да 130-140 мың. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріне қосылады, содан кейін олардың жұмыс өтілі бар, жеке режиссерлік қойылымдар қояды. Олардың жалақысы біршама азаматқа қарағанда жоғары", — деді министр.

Кілт сөздер:
министр, әртіс, театр, жалақы, Арыстанбек Мұхамедиұлы
Загрузка...

Басты тақырып