Қоғам

ІІМ басшысы Ratel.kz мен Forbes-та жүргізілген тінтуге қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Болат ШайхиновҚалмұханбет Қасымов
Қалмұханбет Қасымов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кеше Ratel.kz интернет порталы мен Forbes Қазақстан журналының редакцияларында тінту жүргізіліп, редакторлары ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді

АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов екі қазақстандық басылымның релакциясында жүргізілген тінтуді түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Дәурен Абаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Абаев екі редакциядағы тінтуге қатысты мәлімет берді

"30 наурыз күні Астана қаласы ІІД-ға ҚР азаматы Кәкімжановтан арыз түсті. Ол ratel.kz порталы мен Forbes Қазақстан журналында жалған ақпарат тарауына байланысты шаралар қабылдауды сұраған. Аталған арыз сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіміне енгізілді. ҚР ҚК 274-бабы 3-тармағы бойынша тергеу басталды", — деді ол.

Министр мұның алдына 2017 жылы ұзақ сот талқылаулары болып өткенін атап өтті. 

"Медеу аудандық соты өзі қараған материалдар негізінде және сот тапсырмасымен жүргізілген сот психо-физиологиялық сараптама негізінде арызданушы көрсеткен барлық мәлімет шындыққа жанаспайтыны және оның ар-намысына кір келтіреді деген шешім қабылдады. Осыған байланысты тергеу басталды, соттан үйде және жұмыс орнында тінту жүргізу туралы санкция алынды. Сондықтан тергеу органдары осы іс-шараларды жүргізіп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша барлық ақпаратты кейінірек хабарлаймыз", — деді Қасымов.

Ол құқық қорғау органдары бұрын журналистер пайдаланған барлық техниканы тәркілегенін айтты.

Айта кетсек, кеше полиция қызметкерлері Ratel.kz порталы мен Forbes Kazakhstan журналының редакцияларында тінту жүргізіп жатқаны белгілі болды. Журналист Вадим Борейконың ақпаратынша, Ratel.kz редакциясында  құжаттар мен компьютерлер тәркіленген. Сонымен қатар, порталдың бас редакторы Марат Асипов, орынбасары Сапа Мекебаев және шолушы Анна Калашникова ұсталғаны мәлім болды. Forbes Kazakhstan редакциясында бас редактордың орынбасары Александр Воротилов ұсталды. Полиция әзірге болған оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Жаңалықтар
0