Қоғам

Еліміздің 11 облысында дабылды ескерту жарияланды

© Photo : КЧС МВД РКСу тасқыны кезінде өзен жағасын бекіту
Су тасқыны кезінде өзен жағасын бекіту - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күн жылынып, қардың жылдам еруіне және жаңбыр жаууына байланысты су тасқыны болуы мүмкін

АСТАНА, 6 сәуір — Sputnik. "Қазгидромет" РМК еліміздің 11 облысы мен Алматы қаласында дабылды ескерту жариялады.

7-8 сәуірде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында ауа температурасы жоғарылап, жауын-шашын түсуіне байланысты қар жылдам еріп, су деңгейі көтеріліп, өзендер арнасынан асады деп болжануда.   

көктем - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алдағы күндері ауа температурасы 28 градусқа дейін көтеріледі

7-8 сәуірде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында жылы ауа температурасының сақталуына және жауын-шашынға байланысты қар жылдам еріп, су деңгейі көтеріліп, өзендер арнасынан асып, су басады деп болжануда.   

 7-8 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында жылы ауа температурасының сақталып, жауын-шашын түседі деп болжануда, осыған байланысты су деңгейі көтеріліп, жайылу қаупі туындап отыр.  

7-8 сәуірде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында жаңбыр жауады деп болжануына байланысты қар еріп, өзендердің деңгейі көтеріліп,  су басады деп болжануда. 


Жаңалықтар
0