16:33 24 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD377.86
  • EUR418.74
  • RUB6.10
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
69 0 0

Айтуынша, бүгінде елімізде білікті журналистер тапшы болғандықтан, теле-радиохабарлардың сапасы сын көтермейді

АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Кәрібай Мұсырман журналистика мамандығы бойынша білім гранттарын көбейтуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мұсырман депутаттық сауалды премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаевтың атына жолдады.

"Қазір жоғары білікті журналистердің жетіспейтіндігі анық сезіледі. Кейінгі кезде кейбір отандық теле және радиоарналар бағдарламаларының сапасы көпшіліктің көңілінен шықпай, өткір сынға алынып жүргені де соның айғағы. Мемлекет басшысы ұсынған "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдары маңызды рөл атқаратынын ескере отырып, журналистік кадрлардың саны мен сапасын арттыру мәселесін күн тәртібіне шығаратын кез жетті деп санаймыз", — деді ол.

Мәжілісмен осы орайда бірнеше ұсыныс тастады.

Талапкерлер
© Photo : Официальный аккаунт Назарбаев Университета в Facebook

"Бірінші, болашақ журналистерді даярлайтын негізгі оқу орындары болып саналатын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультеттерінің әлеуетін барынша тиімді пайдалану қажет. Аталған факультеттер еліміздегі "Рухани жаңғыру" қозғалысының алдыңғы шебінен көрінетін қоғамдық пікір көшбасшыларын даярлайтын, бір кездегідей беделі өте жоғары, элиталық деңгейдегі журналистік кадрлардың ұстаханасына айналдырылса, артық болмас еді. Олар, ең алдымен, мемлекеттік БАҚ-қа, мемлекеттік органдардың баспасөз қызметіне қажетті жоғары білікті кадр даярлауға мамандандырылғаны жөн деп білеміз. Осыған орай, аталған университеттерге журналистика мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын мақсатты түрде қарастыру қажет", — деді Мұсырман. 

Депуаттың айтуынша, бүгінгі күні Бірыңғай электронды еңбек биржасы арқылы бос тұрған 133 журналистік қызмет орыны ұсынылып отыр. Ал шын мәнісінде, білікті журналистерге сұраныс одан да көп екендігі анық. 

"Сондықтан журналистика мамандығы бойынша бөлінетін мемлекеттік білім беру гранттарының санын жылдан-жылға кемітілу үрдісімен келісу қиын. Осыған байланысты,  ақпарат және коммуникациялар министрлігі республикадағы БАҚ және мемлекеттік органдарының баспасөз қызметінің білікті журналистік кадрларына сұраныстарды нақты зерттеп, журналистика мамандығына бөлінетін гранттар санын көбейтуге ұсыныс әзірлегені жөн деп ойлаймыз. Үшіншіден, қазіргі жоғары оқу орындарын бітірген жас журналистер ауылға жұмысқа барғысы келмей, көпшілігі қалаларда қалып жүр. Сондықтан, аудандық газеттерде жұмыс істеуге дайын жастарды "Дипломмен ауылға" әлеуметтік бағдарламасына енгізуді ұсынамыз", — деп қорытты депутат.

Кілт сөздер:
білім гранттары, журналистика
Загрузка...

Басты тақырып