Қоғам

Лоскутова: елімізде әрбір үшінші автобус техникалық байқаудан өтпеген

© Photo : служба центральных коммуникаций Оксана Лоскутова
Оксана Лоскутова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Бас прокуратурасының ресми өкілі Оксана Лоскутова қалааралық бағдарларды орындау кезінде жол апатына ұшырауға себеп болатын негізгі факторларды атап өтті
Лоскутова: каждый третий в республике автобус не прошел техосмотр

"Рейс алдында бақылаудан өтпей жолға шыққан автобустар анықталды. Шығыс Қазақстан облысында Петропавловка ауылының мектеп автобусы жүргізушісі ұсталды. Мас күйінде 19 адамды, оның ішінде 15 баланы тасымалдаған. Аталмыш дерек бойынша, сот үкімімен көлік жүргізу құқығынан үш жылға айырылды", — деп мәлімет берді Лоскутова Астанадағы баспасөз мәслихатында.

Жалпы, Бас прокуратура мәліметінше, елімізде 800-ден астам тасымалдаушы тіркелген, 34 автовокзал, 138 автостанция мен 109 жолаушыларға қызмет көрсету бекеті бар. 

Жыл сайын қалааралық бағдармен жүретін жолаушылар автобусы орташа есеппен 120 рет жол апатына ұшырайды, салдарынан 70 адам қаза тауып, 370 адам әртүрлі жарақат алады. 

Толығырақ аудиоматериалдан тыңдай аласыздар.

Жаңалықтар
0