Қоғам

Елбасы қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық туралы: бұрын-соңды мұндай болған емес

© Sputnik / Болат ШайхиновОқулықтар
Оқулықтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүз кітаптың алғашқы 18 кітабы мен оқу құралы жарыққа шықты

АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі жаңа оқулық" жобасы аясында шыққан алғашқы оқулықтардың тұсаукесерінде бұл бастаманың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасының бірнеше бағытын орындап келе жатырмыз. Онда бес сала қамтылған. Соның ішіндегі ең маңыздысының бірі — жүз кітапты қазақ тіліне аудару. Бұрын-соңды мұндай болған емес. Менің жұмыс столымда кітаптың бәрі жатыр", — деді тұсаукесерде Назарбаев. 

Мемлекет басшысы бұл кітаптарды өзі оқығанда қолға тимеген құндылық екенін атап өтті.

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев: Астанаға қарап таңғаламын

"Президент болып қызмет еткен жылдары соның бәрімен біліп-таныстық. Ғылым салалалары, психология, тілдің тарихы жөнінен біз еш уақытта танысқан емеспіз. Қазір ағылшын тілінде жастарымыз оқыған шығар. Бірақ қазақтың баласы таныспаған. Бір жағынан қазақ тілін байытып, екінші жағынан білімді одан әрі тереңдетеміз деген үмітіміз бар", — деді Елбасы. 

Айта кетсек, Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласының жарияланғанына бір жыл болды. Осы мақалада президент әлемдегі ең үздік жүз кітапты қазақ тіліне аударуды тапсырған еді. 

Бүгінде алғашқы 18 кітап пен оқу құралы жарыққа шығып отыр. Оқулықтар философия, әлеуметтану, психология, тіл білімі, экономика, менеджмент, дінтану, антропология, журналистика бағыттары бойынша аударылған.

Оқулықтардың әрқайсысы 10 мың данамен басылып, алдағы бір айда жоғары оқу орындары мен кітапханаларға тегін таратылмақ.

Жаңалықтар
0