20:52 17 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD371.31
  • EUR419.32
  • RUB5.59
Ералы Тоғжанов

Тоғжанов: Маңғыстау уылдырық үстінде отыр деген ойдан аулақ болыңыздар

© Foto : Служба центральных коммуникаций
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
26 0 0

Облыста бекіре тұқымдас балықтарды аулауға тыйым салынған

АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов аймақта бекіре балығын қорғау бойынша атқарылып жатқан шараларға тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Облыста балықтарды аулауға тыйым салынды. Қазір уылдырық шашатын кез ғой. Уылдырықты қай жақта шашатынын сіздер жақсы білесіздер. Теңізден шығатын балығымыз Жайыққа қарай көтеріледі. Негізі ол Атырау жақта. Бірақ біздің облыста Форт-Шевченко секілді мұндай бір-екі үлкен жер бар. Балықтар негізі сол жақта жиналған. Балық теңіздің бүкіл жерінде жүре бермейді. Сондықтан Маңғыстауда балық аулаудың өзі де оңай емес", — деді әкім. 

Тоғжанов Маңғыстау облысы жоспарлы балық аулауды да орындай алмай отырғанын тілге тиек етті. 

"Неге десеңіздер, теңіздегі балықты аулау қиын. Оған кететін қаржы ауланған балықтың қаражатымен пара-пар. Сондықтан көп адам теңізге шығып, балық аулағысы да келмейді. Бізде қазір 26 ұйым бар, солардың басын қосып, тиісті шараларды ойластырып жатырмыз. Сондықтан Маңғыстау уылдырық үстінде отыр деген ойдан аулақ болу керек. Ондай мәселе бізде жоқ", — деді аймақ басшысы.


Загрузка...

Басты тақырыптар