Қоғам

Ауғанстанның 49 азаматы елімізде оралман қазақтың мәртебесін алмақ болған

CC0 / Amber Clay / Ауғанстан
Ауғанстан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұдан бөлек, Бангладеш пен Ауғанстан азаматтары біздің еліміздің аумағын Еуропаға өту үшін пайдаланғысы келеді

АСТАНА, 16 сәуір — Sputnik. Ауғанстанның 49 азаматы елімізде оралман қазақтардың мәртебесін алмақ болған. Бұл туралы мәжілістегі үкімет сағатында мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мигрант - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министр елімізге Қытай мен Түркиядан қанша мигрант келгенін айтты

Вице-спикердің айтуынша, халықаралық жағдай мен көші-қон ағынының өсуі, ішкі миграция жағдайы күш құрылымдары мен ішкі істер министрлігіне қосымша жауапкершілік жүктейді. Божко сырттан төнетін  қауіп-қатер туралы айта келе, ішкі жағдайы күрделі мемлекеттерден болатын ретсіз эмиграция мәселесіне тоқталды. 

"Бұл мигранттар келетін елдегі жағдайдың тұрақсыздануына, террористік және қылмыстық қауіп-қатердің артуына, әлеуметтік-экономикалық мәселелердің күрт шиеленісуіне, жергілікті халықтың қалыпты өміріне қысым жасалуына алып келуі мүмкін. Елімізге мигранттардың ішінде террористердің кіріп кету мүмкіндігі ерекше қауіп тудырады", — деді төраға орынбасары. 

Оның айтуынша, заңсыз көші-қонды ұйымдастыратын фирмалар мен адамдардың қылмыстық әрекеті мен миграциялық тәртіпті бұзушыларды анықтау керек. 

"Ал сандар алаңдаушылығымызды тудырады. Мәселен, 49 Ауғанстан азаматы оралман қазақтардың мәртебесін алмақ болған. Олардың көпшілігі қазір іздеуде жүр. Бангладеш республикасы мен Ауғанстан азаматтары біздің еліміздің аумағын Еуропаға өтіп, ол жақта тұрақтап қалу үшін пайдаланғысы келеді. Екі трансұлттық қылмыстық топ 85 тіркелген қазақстандық компания арқылы Қытайдан Қазақстанға жаппай заңсыз кіру жолын ұйымдастырған", — деп атап өтті Божко.

Жаңалықтар
0