22:34 15 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD371.31
  • EUR419.32
  • RUB5.59
Видеокамера

Астанада "Сергек" камерасы арқылы 523 қылмыстық іс ашылды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
71 0 0

"Сергек" камерасын орнату орта есеппен алғанда қылмыс санын 30 пайызға, жол-көлік оқиғаларын 18 пайызға азайтқан

АСТАНА, 16 сәуір — Sputnik. Осы жылдың 1 маусымына дейін 13 мың камераның монтаж жұмыстары аяқталып, іске қосылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты

Бүгін бас қаладағы ахуал орталығына Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев пен "Атамекен" ҰКП Президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев келді. Сапар барысында олар ІТ технология саласындағы Қазақстанның ең бірінші экспорт өнімдерімен танысты. 

Мамандар фото-бейнетіркеу жүйесін енгізудің артықшылықтары туралы баяндап берді. Олардың айтуынша, камераның арқасында қылмыс айтарлықтай азайған. "Сергек" камерасын орнату орта есеппен алғанда қылмыс санын 30 пайызға, жол-көлік оқиғаларын 18 пайызға төмендеткен. 

"Көлік  жүргізушілерінің тәртібі жақсарды. Одан басқа, 500-ден астам қылмыстық іс ашылды, оның ішінде 4 кісі өлімі бар", — деді Әсет Исекешев. 

Әкімнің сөзіне қарағанда қазіргі таңда қоғамдық орындарда адамның түр-әлпетін тани алатын жүйені енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жаңашылдық (ноу-хау) полицейлердің жұмысына көп көмегін тигізеді, яғни ТЖ жағдайы мен жаппай төбелесті тәртіп сақшылары гаджет арқылы оқиға орнын көре алады. Бұл жағдайды бағалауға және тиімді әрекет жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бүгінде жүйе қарызы барларды да автоматты түрде анықтап бере алады. 

Тимур Құлыбаев жүйенің жұмысына оң баға беріп, жекеменшік бизнес аумағында да камера орнатуда бірігіп әрекет жасауға уәде берді. 

Бүгінде қалада 6365 камера біріктіріліп, орнатылған. 1 маусымға дейін Астанада 13 мың жол камерасын монтаждап, іске қосу жоспарланып отыр.


Загрузка...

Басты тақырыптар