Қоғам

Хакерлер Жоғары сот кеңесінің сайтын бұзды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуХакер
Хакер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәулік ішінде Қазақстанның 300 сайтына шабуыл жасалған, олардың төртеуі gov.kz доменіне тиесілі

АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik. Тәулік ішінде жүздеген қазақстандық сайт хакерлер уысына түсті, олардың арасында Жоғары сот кеңесінің ақпараттық ресурсы да бар.

Интернет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Киберқалқан" интернет қолданушыларының тұлғасын анықтауға мүмкіндік береді

Кибершабуылдарды сараптау орталығының (ЦАРКА) мәліметінше, тәулік ішінде 300-ден астам сайтқа шабуыл жасалыпты, олардың төртеуі gov.kz доменіне тиесілі. 

Орталық атап өткендей, хакерлер бас бетті ауыстырған жоқ. Болжам бойынша, алыстан басқару үшін бағдарламалық қамсыздандыру орнатқан. 

Хакерлер сайттағы деректерді басқарып қана қоймай, қолданушылардың ақпаратын алып қойып, қарсы шабуылдар жасай алады. 

Gov.kz доменіне тиесілі бұзылған сайттар:

  • Қазақстан Республикасы Жоғары соты кеңесі (vss.gov.kz)
  • Бірнеше өңірлік сайттар (uspenka.gov.kz, ontustik-shardara.gov.kz, ontustik-aris.gov.kz)
  • Теміртау қаласының сайты (temirtau.kz).

Жаңалықтар
0