20:05 15 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.71
  • EUR429.17
  • RUB6.02
Ардагерлер

Астана әкімдігі соғыс ардагерлеріне ақшалай көмек береді

© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
74 0 0

Ұлы Отан соғысы ардагерлері 1 мамырда ақшалай көмек алады

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. Астана қаласында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектері 9 мамыр — Жеңіс күніне орай 511 135 теңге көлемінде ақшалай көмек алады. Қалалық мәслихат депутаттары осы мақсатта жергілікті бюджеттен қосымша 33 млн 250 мың теңге бөлу туралы ұсынысты қабылдады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясының қарауына Астана қаласындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне Жеңіс күніне орай қосымша әлеуметтік көмек беру мәселесі ұсынылады", — деді Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспанов.

Оның айтуынша, елордадағы ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне қосымша әлеуметтік көмек көрсету 2017 жылы бекітілген.

"9 мамыр – Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне берілетін әлеуметтік көмек 67 АЕК көлемінде болады. Бұл — 161 135 теңге. Сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша біз барлық есепті айлық есептік көрсеткішке келтірдік. Биыл Жеңіс күніне орай жергілікті бюджеттен қосымша 33 млн 250 мың теңге бөлу жоспарланып отыр, яғни 95 ҰОС ардагері мен мүгедектеріне 350 мың теңгеден әлеуметтік көмек көрсету көзделген. Осылайша, ұсынылған жобаны қолдайтын болсаңыздар, Астана қаласындағы ҰОС ардагерлері мен мүгедектері  биыл 9 мамыр мерекесіне 511 135 теңге әлеуметтік көмек алатын болады", — деді Ермек Оспанов.

Бұған қоса басқарма басшысының айтуынша, қаладағы ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне аталған әлеуметтік көмек 1 мамырға дейін аударылады. Мәслихат депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. 

Айта кетейік, өткен жылы елордада 163 соғыс ардагері мен мүгедегі болған. Бүгінде Астанада Ұлы Отан соғысының 95  ардагері мен мүгедегі тұрады.

Кілт сөздер:
ардагерлер, Жеңіс күнін тойлау, Астана
Загрузка...

Басты тақырып