13:09 18 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.42
  • EUR424.58
  • RUB6.00
Диадема, иллюстрация

Астаналық 4 қыз "Кеңсе аруы-2018" халықаралық байқауының жартылай финалына өтті

CC0 / jbundgaa
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
50 0 0

Байқаудың ақтық сынына Ресей мен алыс-жақын шетелден 30 қыз ғана өтеді

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Астаналық төрт қыз халықаралық "Кеңсе аруы" сұлулық байқауының жартылай финалына өтті. Енді олар интернет арқылы дауыс беруде жеңіске жетсе, Мәскеуде болатын ақтық сында бақ сынауы мүмкін, бас жүлде  — 2 миллион рубль, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Астанада халықаралық "Кеңсе аруы-2018" сұлулық байқауының кастингі өтті. Елордағы кәсіпорындарда еңбек ететін арулар бағын сынап көріп, нәтижесінде төрт қыз жартылай финалға өтті. 

Олар: KEGOC компаниясының бағдарламалық қамтамасыз ету инженері Лиана Сарбасова, "АЗС" ЖШС бухгалтері Ажар Жұмабекова, Қазақстан агросиндикаты (Phoenix Global DMCC) HR маманы Сәндігүл Сақтанова, Coworking Multispace компаниясының сату бөлімінің менеджері Әсел Жолдасова.  

Астаналық 4 қыз Кеңсе аруы-2018 халықаралық байқауының жартылай финалына өтті
© Foto : "Кеңсе аруы" халықаралық байқауының ұйымдастырушылық комитеті
Астаналық 4 қыз "Кеңсе аруы-2018" халықаралық байқауының жартылай финалына өтті

Қазылар алқасының құрамында әнші Ерлан Көкеев, Prima Vera сән агенттігінің директоры Радеш Ольга, Астана аруы-2017 Нұрсұлу Бегжанова, "Астана аруы" сұлулық байқауының директоры, сондай-ақ "Кеңсе аруы" сұлулық байқауының ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Людмила Яловенко болды. 

Халықаралық байқаудың жартылай финалының өңірлік кастингтері енді басталып жатыр. Алда тағы 19 қала бар. Ресей мен шетелден 100 қыз ғана жартылай финалға жолдама алып, интернет арқылы дауыс беруге өткізіледі. Қыркүйек айында кез келген адам көңілінен шыққан 3 аруға дауыс беру мүмкіндігіне ие болады. Дауыс берудің қорытындысы бойынша ең табысты және талантты 30 қыз финалға өтеді. Ақтық сында жеңіске жеткен ару "Кеңсе аруы-2018" атанып, бас жүлде  — 2 миллион рубль алады. 

Бұдан бөлек, байқаудың финалында шетелге саяхат, гаджеттер, зергерлік әшекей бұйымдар, дизайнерлік киімдер, SPA-орталықтардағы үздік бағдарламалар, элиталық косметика және басқа да сыйлықтар сарапқа салынады. 


Кілт сөздер:
дауыс беру, ақтық сын, кастинг, арулар, бас жүлде, кеңсе аруы, сұлулық байқауы
Загрузка...

Басты тақырып