Қоғам

Министр "7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотека қашан берілетінін айтты

© Photo : "Актобе акпарат""Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынған үй, архивтегі фото
Нұрлы жер бағдарламасы бойынша салынған үй, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Нұрлы жер" жеке тұрғын үй құрылысы, арендалық, кредиттік үй бағыттары бойынша жұмысын жалғастырады

АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек "7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотека екінші жартыжылдықтан бастап берілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Баспана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы мамыр айында қабылданады

"Ұлттық банк бір-екі ай ішінде "7-20-25" бағдарламасын бекітеді. Екінші жартыжылдықтан бастап ипотека бере бастайды", — деді министр. 

Қасымбек "Нұрлы жер" мен "7-20-25" бағдарламалары бір-біріне кедергі жасамайтынын атап өтті. 

"Нұрлы жерге" өзгерістер енгізіліп жатыр. Бұл ең алдымен жаңа "7-20-25" бағдарламаның енгізілуімен қосымша инфрақұрылымның қажеттілігіне байланысты. "Нұрлы жер" жұмысын жалғастырады. Жеке тұрғын үй құрылысы, арендалық, кредиттік үй. Құрылыс салушылар бойынша пайызды субсидиялау секілді тетіктер қалады", — деді министр.

Жаңа бағдарламаға сәйкес, несие өсімінің мөлшерлемесі жылына 7 пайыздан, бастапқы жарнасы 20 проценттен аспайды. Несие мерзімі – 25 жылға дейін


Жаңалықтар
0