Қоғам

Қазақстанда мектеп бітіруші түлектер кеші қашан болады?

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуМектеп бітіруші түлектер
Мектеп бітіруші түлектер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түлектер кешінде елорданың 20 жылдығы аталып өтеді

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Қазақстан мектептерінде түлектер кеші 15 маусымда өтеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің блогында хабарланды.

"Білім және ғылым министрлігі 2017-2018 оқу жылының түлектеріне аттестат тапсыру салтанатты кешін республика бойынша 15 маусымға белгіледі", — делінген министр блогында.

Түлектер кешінің тақырыбы Астананың 20 жылдығымен байланысты болады.

9 (10)–сыныптар үшін қорытынды емтихандар 28 мамыр мен 8 маусым аралығында өтеді, мемлекеттік емтихандар  — 29 мамыр мен 30 маусым аралығында. 11 (12)–сыныптар үшін емтихандар 29 мамырда басталып, 9 маусымға дейін созылады.

Жаңалықтар
0