Қоғам

Сағадиев жалған сертификат үшін оқудан шығарылған студенттерге қатысты: бұл дұрыс

© Photo : Министерство образования и науки Республики КазахстанЕрлан Сағадиев
Ерлан Сағадиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада жалған сертификат үшін 117 студент оқудан шығарылып отыр

АСТАНА, 25 сәуір — Sputnik. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев "Астана" университетіне түсу үшін IELTS сертификатын сатып алған студенттердің оқудан шығарылуына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Студенттер, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада жалған сертификат үшін 117 студент оқудан шығарылды

"Өткен жылы білім сапасын бақылау жөніндегі комитет осы университетті тексерді. Заңбұзушылық анықталғаннан кейін комиссия студенттерді оқудан босату туралы ұсыныс берді. Менің білуімше, студенттердің бір бөлігі өз құқығын қорғау үшін сотқа жүгінген. Бұл олардың құқығы. Дегенмен, комиссияның ұйғарымы орындалуы тиіс. Біздің регламент бойынша ең алдымен студенттерді оқудан босату керек. Университет балаларды оқудан шығарды. Бұл дұрыс", — деді Сағадиев бүгін БАҚ өкілдеріне. 

Министрдің айтуынша, енді олар мәселені денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп қарайды. 

"Әрі қарай қандай құқықтық қадам жасайтынымызды шешу керек. Бұл студенттерге де, университетке де қатысты", — деді министр. 

"IELTS сертификатын берген бір орталық па, әлде бірнешеу ме?", — деп сұрады журналистер министрден. 

"Қазір оның анығын білмеймін. IELTS тапсырғандар деректер базасында болады. Енді барлық университет IELTS тапсырып, магистратураға түскендерді тексеру керек. Білім министрлігі тексеріспен келгенше, өздерінің шара қабылдағаны жөн", — деді Сағадиев. 

Министр бұл жаңа норманың заң жобасында қарастырылып отырғанын атап өтті.

"Мұндай норма бұрын болған жоқ. Қазір заң жобасына енгізіп отырмыз. Енді барлық университет магистратураға түскен студенттердің IELTS немесе TOEFL тапсырғанын не тапсырмағанын деректер базасы бойынша тексереді", — деді ол.  

"Студенттер шын мәнінде IELTS-ты тапсырып, бірақ сертификатты ресімдеу кезінде қателік болуы мүмкін ғой. Бұл жағдай қарала ма?", — деген сұраққа Сағадиев:

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Білім министрі әкімдікпен бірлесіп мұғалімдердің баспана мәселесін шешпек

"Олар сотқа берді. Бұл мәселе де қаралады деп ойлаймын. Олардың айтқаны да тексеріледі. Әр адамның өзін қорғауға құқығы бар".

Айта кетейік, "Астана" медициналық  университетіне түсу үшін IELTS сертификатын сатып алған студенттер оқудан шығарылғаны белгілі болды.  Былтыр күзде емтиханды өз күшімен тапсырғандар арызданып, бұл іс бойынша тексеріс жүргізілген еді. Соның нәтижесінде ағылшын тілі емтиханы бойынша 117 тіркелмеген сертификат анықталған.

"Білім және ғылым министрлігінің комиссиясы екі рет тексеріс жүргізді. Басында біз 33 баланы шығардық. Жақында тағы 84 студент оқудан шеттетілді. Енді бұл азаматтар олардың оқуына жұмсалған қаржыны қайтаруы тиіс. Олардың көбі грантта оқыды. Тек 9 адам ғана оқуына өзі төледі", — дейді "Астана медициналық университеті" АҚ ректорының орынбасары Франц Галицкий.

Магистратура немесе докторантураға түскен кезде IELTS сертификаты барларға емтихан кезінде басымдық берілетінін атап өту керек.


Жаңалықтар
0