12:58 18 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD376.77
  • EUR408.46
  • RUB5.95
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
22 0 0

Орындықтарға күн батареялары орнатылған

АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Петропавлда тегін WI-FI пайдаланып, гаджеттерді зарядтауға болатын күн батареялары орнатылған орындықтар пайда болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орындық емен ағашынан жасалып, күн батареясы орнатылған, үстінен аса берік органикалық әйнекпен жабылған екен, сол себепті батареяға жауын-шашын да, аяз да, қатты жел де әсер етпейді.

Петропавл қаласы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, қалада төрт смарт-орындық орнатылыпты: екеуі – қалалық әкімдік алдында, екеуі – облыстық әкімдік алдында.

"Орындық USB-порт арқылы екі гаджетті зарядтауға болады. Сонымен қатар, тегін WI-FI функциясы бар", — деп мәлімет берді әкімдік.

Орындықты өндіруші — "Branch Bench" беларус фирмасы. Арнайы тапсырыспен жасалған, Қазақстанда басқа аналогы жоқ.

Кілт сөздер:
күн батареялары, орындық, зарядтау, WI-FI, Петропавл
Загрузка...

Басты тақырып