04:22 15 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD419.02
  • EUR494.02
  • RUB5.71
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
47 0 0

Құран жарысының жалпы жүлде қоры - 17 миллион теңге

АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Алматыдағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған VІІ республикалық Құран жарысының қорытынды рухани кеші өтті, деп хабарлайды діни басқарманың баспасөз қызметі. 

Дін жанашырлары мен демеушілерінің қаржылай қолдауымен өткен жүлде қоры 17 миллион теңгені құрайтын сайысқа республика бойынша 500-ден астам жас қари қатысты. Олар төрт бағыт бойынша бақ сынасты: Құранның 10 парасын жатқа оқу, Құранды мәнерлеп оқу, 20 пара Құранды жатқа айту және қасиетті кітапты толық (30 пара) жатқа оқу.

Игі іс-шарада сөз алған Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:

"Құран оқылған, оған амал етілген үйде, жерде, елде тыныштық орнайды, Алланың берекеті болады. Бұдан түйетін ой – Құрансыз өмірдің мәні де сәні де жоқ. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: "Үйлеріңізде Құран Кәрімді көп оқыңыздар. Себебі Құран оқылмаған үйде жақсылық, береке аз болады. Ондай үй-іші әрдайым қиыншылықта болады. Яғни, ондай үйде тыныштық болмайды",– деген. Қарайған жүректерге нұр беруші – Құран ғана", – деп жиналған жамағатты жақсылыққа, ізгілікке шақырып, әділ қазы мүшелеріне алғысын жеткізді.

4 бағыт бойынша марапатқа ие болған қарилардың тізімі мынадай:

30 пара Құранды толық жатқа оқу бойынша:

Бас жүлде – Нағманов Нағим Серікұлы (Маңғыстау) – Автокөлік

ІІ орын — Хакимов Фазлидин Абдихужаұлы (Астана) – 2 млн. теңге

ІІІ орын — Жахсылыков Еркебұлан Сержанұлы (Жамбыл) – 1,5 млн. теңге

20 пара Құранды жатқа оқу бойынша:

І орын — Хокимов Махмадрахим (СҚО) – 1,5 млн. теңге

ІІ орын — Сатешов Сақи Мұхтарұлы (Маңғыстау) – 1 млн. 250 мың теңге

ІІІ орын — Қартбаев Саламат Алашұлы (Ақтөбе) – 1 млн. теңге

10 пара Құранды жатқа оқу бойынша:

І орын — Кенешбай Қуаныш Нұрланұлы (Алматы өңірі) – 1 млн. теңге

ІІ орын — Сейтқасым Ерқанат Серікұлы (Астана) – 750 мың теңге

ІІІ орын — Мыңжасов Арыстан Қожамбетұлы (Маңғыстау) – 500 мың теңге

Құранды мәнерлеп оқу бойынша:

І орын — Турдақынұлы Такен (Ақмола) – 500 мың теңге

ІІ орын — Битенов Ерлан Базарбайұлы (Астана) – 300 мың теңге

ІІІ орын — Бектұрғанов Баубек Бердіғалиұлы (Алматы) – 150 мың теңге

Сонымен қатар, әрбір өңірден келіп қатысқан жүлделі орындарға ие бола алмаған қариларға арнайы алғыс хат пен 50 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық табысталды.


Кілт сөздер:
жүлде қоры, құран жарысы, құран, қари, бас жүлде
Загрузка...

Басты тақырып