Қоғам

"Қазгидромет" синоптигі мамырда ауа райы қандай болатынын айтты

© Photo : из личного архива Сауле Смагуловой"Қазгидромет" РМК инженер-синоптигі Сәуле Смағұлова
Қазгидромет РМК инженер-синоптигі Сәуле Смағұлова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сәуле Смағұлованың айтуынша, мамырдың басында ауа райы жауынды әрі салқын болады

АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. "Қазгидромет" РМК инженер-синоптигі көктемнің соңғы айында ауа райы қандай болатынын айтты.

жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер мереке күндері ауа райы қандай болатынын айтты

"Мамырда циклондар мен антициклондардың жиі ауысуы суық және жылы толқындардың алмасуына әкеліп соғады. Еліміздің басым аумағында ай басында ауа райы суық әрі жаңбырлы болады деп болжануда, найзағай ойнап, жел күшейеді, тек батыс пен оңтүстік батыста жылы ауа массалары басым түсіп, көбіне күн жылы болады", — дейді Сәуле Смағұлова.

Синоптиктің айтуынша, алғашқы онкүндіктің ортасында ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр.  

Айдың ортасы мен соңында суықтың екі толқыны жүріп өтеді. Ал арктикалық теңіздер айдынынан суық ауа массаларының енуінен  елдің солтүстігінде үсік жүруі мүмкін.  

"Мамыр айында орташа ауа температурасы республиканың оңтүстік-батысында нормадан бір градус жоғары, солтүстік-шығысында нормаға жуық және төмен болады деп болжануда", — деп толықтырды ол.


Жаңалықтар
0