Қоғам

Назарбаев 7 мамыр күнімен құттықтауды ұмытып кететін әйелдер туралы әзілдеді

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуҚазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент 7 және 9 мамыр қарсаңында бір топ азаматқа әскери және арнаулы атақтар мен жоғары дәрежелі шендер тапсырды

АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жоғары әскери және арнаулы атақтар мен шендерді тапсыру салтанатында отан қорғаушылар күнімен ер азаматтарды құттықтауды естен шығармау қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Қазақстанның әскері - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы отан қорғаушыларға: Отан үшін өміріңді қиюға дайын болу керек

"Отан қорғаушы күні ретінде 7 мамырды бекіттік. 1992 жылы дәл осы күні қазақтың қарулы күштерін құру туралы жарлыққа қол қойған болатынмын. Ер азаматтарды, отан қорғаушыларды біздің жұбайларымыздың, ата-аналарымыздың құттықтайтын күні дәл сол күн. Олардың есіне салып қоймасақ, кейде ұмытып кетеді", — деп әзілдеді президент марапаттау салтанатында.

Мемлекет басшысы әскери және арнаулы атақтар мен жоғарғы дәрежелі шендерді бүгін өз қолымен тапсырған әскерилерді құттықтап, игі тілегін айтты. 

"Ерен еңбектің арқасында ең жоғары дәрежелі генерал атағын алу үлкен қуаныш деп білемін. Осы қуаныштарыңыз құтты болсын!", — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жаңалықтар
0