07:19 18 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.94
  • EUR433.50
  • RUB6.10
Жасөспірім қыздың архивтегі фотосы

Ресейде қаза болған қыздың анасы әлеуметтік желіде пост жариялады

CC0 / Arieth
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1546 0 0

Қыз терезеден құлап кеткеннен кейін 20 күннен соң ауруханада көз жұмды

АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Халықаралық қатынастар халықаралық мемлекеттік институтының (МГИМО) төртінші қабатынан құлап кетуі салдарынан көз жұмған қазақстандық студенттің анасы әлеуметтік желіде пост жариялады.  

"Махаббатым. Жүрегім. Өмірім. Кешірші ", — деп жазды Жанна Ахметова Instagram-дағы жеке парақшасына.

Sputnik Қазақстанға ЖОО баспасөз хатшысы Виктория Калашникова хабарлағандай, оқу орны қаза тапқан Томирис Байсафаның жақындарына көмек көрсетуге әзір. 

"Өкінішті жағдай. Туған-туыстарының қайғысына ортақпыз. Отбасы мен жақындарына қандай көмек қажет болса да, жәрдем береміз. Университет басшылығы олармен хабарласып отыр, көмек керек болған кезде, қол ұшын береміз", — деп хабарлады ол. 

Бейсенбі күні Мәскеудегі Склифософский атындағы ҒЗИ мәлімдегендей, Халықаралық қатынастар халықаралық мемлекеттік институтының (МГИМО) төртінші қабатынан құлап кеткен 21 жастағы қазақстандық студент Томирис Байсафа көз жұмды.

Қазақстан СІМ берген мәліметке сүйенсек, қазір ведомство қаза тапқан азаматшаның мәйітін елге жеткізу мәселесімен айналысып жатыр.

Загрузка...

Басты тақырып