Қоғам

Ұлттық банк төрағасы зейнетақы қорындағы қаражаттың қайда жұмсалатынын айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновДанияр Ақышев
Данияр Ақышев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық банк биыл құнды қағаздар бағдарламасын іске қоспақ

АСТАНА, 4 мамыр  — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы 200 миллиард теңге қаражаттың банктердің құнды қағаздарына инвестицияланатынын мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын кімдер алатыны белгілі болды

"Біз 2018 жылы бағалы қағаздар бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бағдарлама бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражат банктер мен корпоративтік қазақстандық эмитенттердің қаржылық құралдарына инвестицияланады. 200 миллиард теңге шамасында болады деп отырмыз. Бұл шешімді Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес қабылдады", — деді Ақышев бүгін "Қазақстан экономикасын дамытудағы банк секторының рөлі" тақырыбында өткен парламенттік тыңдау барысында. 

Осы орайда Ұлттық банк төрағасы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты барынша қорғалатынына сендірді.

"Бұл жерде айта кететін бір жайт, жабық негізде банктерге зейнетақы қорының ақшасы бөлінген тәжірибені қалпына келтірейін деп отырған жоқпыз. Біз нарық шарттарымен, нарық ставкаларымен инвестициялауды көздеп отырмыз. Банктердің құнды қағаздарын бес жылға дейін сатып аламыз, бірақ зейнетақы қаржысын қорғау үшін бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының 50 пайыздан артық емес мөлшеріндегі қаражат инвестицияланатын болады. Яғни, банк БЖЗҚ ақшасына келмес бұрын, нарықтан қаражат тарта алатынын дәлелдеуі тиіс. Бұл банктің эмитент қаупін тек БЖЗҚ көтермеуі үшін жасалып отыр", — деді Ақышев.

Ұлттық банк төрағасы зейнетақы қаржысын алатын банктердің тізімі әлі бекітілмегенін айтты.

"Банктердің көрсеткіштеріне қараймыз, сосын қоғам талқысына ұсынамыз. Әркім қандай банктің және неліктен осы қаржы институтының құнды қағаздары зейнетақы қорының ақшасына сатып алынатынын біліп, таныса алады", — деді ол БАҚ өкілдеріне.


Жаңалықтар
0