07:41 23 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD377.29
  • EUR418.41
  • RUB6.09
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
82 0 0

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау басқармасының басшысы 300 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталған болатын

АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов басқарма басшысының парамен ұсталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Өкінішке қарай, осындай оқиға болғаны рас. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының басшысы бұған дейін қамауға алынған болатын. Бұл сәулет-құрылыс басқармасындағы жемқорлық схемасын көрсетеді", — деді әкім. 

Ақсақалов мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық қылмысын азайту үшін не істеу қажеттігін айтты. 

"Ең алдымен, осындай фактілерді болдырмау үшін мемлекеттік қызметтің барлығын автоматтандыру керек. Адамдармен байланысты барынша азайтқан жөн. Рұқсат қағазын беретін жерде жемқорлық болады. Оған тосқауыл қою үшін не істеу керек? Адам құжат тапсырды ма, барлығы дұрыс, түгел болса, онда рұқсатты автоматты түрде беру керек. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтің 44 проценте жуығы автоматтандырылған. Біздің міндетіміз – мұны 100 процентке жеткізіп, адаммен тікелей байланыс болмайтындай ету. Сонда ғана жемқорлық қылмысын азайтамыз"- деді облыс басшысы.

Еске салып өтсек, кеше СҚО әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау басқармасының басшысы пара алып жатқан жерінен ұсталғаны белгілі болды. Оқиға 25 сәуірде болған.

27 сәуірде сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Загрузка...

Басты тақырып