22:04 07 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.87
  • EUR495.59
  • RUB5.70
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
50 0 0

Парад кезінде Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі кешенінің өнімдері халық назарына ұсынылып, сонымен бірге бронетанк, авиация және зымыран жобалары таныстырылады

АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Қазақстанның қорғаныс кәсіпорындары Астанада 7 мамырда өтетін әскери парадта су жаңа өнімдерін халық назарына ұсынатын болады.

Алғаш рет Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі кешенінің туындылары таныстырылмақ. Олар "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы өндірісін цифрландырумен тығыз байланысты.

Сонымен бірге, бронетанк, авиация және зымыран жобалары ұсынылады.

"Бронетанк кешені бронетехника өндірісі мен жөндеу жұмыстары бойынша мамандандырылған зауыттардан тұрады. Авиация кешені құрамына шептік және әскери-көліктік авиация жөндеу жұмыстары, тікұшақтар өндірісі мен жөндеу, сонымен бірге ұшу және техникалық құрамды оқыту салалары кіреді. Зымыран және жанармай кластері зымыран кешендері мен бірден жанатын реактивті жүйелер өндірісі мен жөндеу жұмыстарын, "Град" РСЗО БМ-21 арналған реактивті снарядтарды қалпына келтіру мен жаңартуды қамтиды",  — деп мәлімет берді қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігі.

Жобалар арасында республиканың Қарулы күштерінің бөлімдері мен бөлімшелерінің жеке құрамдарының отандық әскери киімі  — "Болашақтың сарбазы" көрсетіледі. Бұл әскери комплект қазақстандық заманауи қорғаныс, байланыс құралдары, бақылау құрылғылары мен қару-жарақ, оқ-дәріден тұрады.

Сонымен қатар, жаңартылған және су жаңа әскери техниканың жекелеген түрлері де жұртшылық назарына ұсынылады.

Кілт сөздер:
7 мамыр, әскери парад
Загрузка...

Басты тақырып