Қоғам

Алаяқтыққа жол жоқ: мүгедек жандар банктегі шотының нөмірін SMS-пен жібереді

© REUTERS / Stephen LamiPhone X
iPhone X - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда мүгедектерге қызмет көрсету үшін тұлғаның кім екенін анықтау жүйесі енгізілмек

АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мүгедектік тобын SMS арқылы білетін болады, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.

Автобустың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада мүгедек балалар мен олардың ата-анасы қоғамдық көлікте тегін жүреді

"Дәрігер мүгедектік тобын белгілеген кезде, науқасқа смс-хабар жіберіледі. Мысалы, мүгедектіктің 2-тобы деген сияқты. Хабарламада "Жалпы еңбек қабілетінің шектелу деңгейі 80%. Жәрдемақы алу үшін банктегі шотыңыздың нөмірін жазып жіберіңіз" деп жазылады", — деп түсіндірді Жақыпова Астанадағы республикалық семинарда.

Вице-министр мәлімдегендей, хабарлама арқылы шоттың нөмірін жолдау қауіпсіз болып саналады. Тұлға туралы жеке ақпарат оның рұқсатынсыз өңделмейді.

"Банктегі шоты жайында неге науқастың өзінен сұраймыз? Өйткені ол адам мүгедек ретінде тіркелген. Телефонның сол кісіге тиесілі екенін білеміз. Әрі екінші деңгейлі банктермен өзара интеграция бар. Науқастан SMS-хабарлама келгенде, оны жүйеге қабылдап, көрсетілген екінші деңгейлі банктің ақпараттық жүйесіне сұрату жолдаймыз. Ол жерде банктегі шоттың сол ЖСН нөміріне тиесілі екені тексеріледі. Сонда алаяқтық болмайды", — деп атап өтті Жақыпова.

Сонымен бірге, елімізде мүгедектерге қызмет көрсету үшін тұлғаның кім екенін анықтау жүйесі енгізілмек.

Жаңалықтар
0