Қоғам

ҚР ІІМ банкир Жомарт Ертаевтың ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

© AFP 2024 / Sebastian Kahnert / POOLқамауға алу
қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жомарт Ертаев аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша халықаралық іздеуде болған

АСТАНА, 10 мамыр — Sputnik. Белгілі банкир Жомарт Ертаев Мәскеуде Қазақстанның құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша ұсталды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

Банкир Мәскеуде 8 мамырда ұсталды.

Министрліктің хабарлауынша, Ертаев аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша халықаралық іздеуде болған.

"Bank RBK" АҚ директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі болған уақытта Ертаев жалған ЖШС арқылы 80 миллион АҚШ долларынан астам сомада банктен борыш алуға мүмкіндік жасаған. Сондай-ақ бұл қаражатты қайтармау үшін түрлі іс-әрекетке барған", — деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта ұсталған банкирді Қазақстанға қайтару мәселесі шешіліп жатыр.

Жомарт Ертаев - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Банкир Жомарт Ертаев Мәскеуде ұсталды

Жомарт Ертаев 1990 жылдарды Қазақстанның банктерінде басқарушы лауазымдарды иеленді. 2009 жылы бухгалтерлік есеп және қаржы есебі туралы заңнаманы бұзды деген күдікпен қамауға алынып, тоғыз айдан соң айыппұл төлеп, босап шыққан болатын.

Кейін бірнеше жыл "Алма ТВ" ЖШС кабельді телевизиясын басқарды. 2016 жылы күзде "Алма Групп" директорлар кеңесінің төрағасы әрі компания президенті болды.

2017 жылдың мамырынан бері "Тройка-Д Банк" АҚ (банктің 5% акциясы тиесілі) және "Волго-Окский коммерческий банк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

 

Жаңалықтар
0